ШҰҒЫЛ! Мұнай қалдықтары төгілген жердің иесі анықталды Толығырақ

Той жасау тиылмай тұр

19:50, 14 сәуір 2021

Жаңаөзенде карантин талаптарын елемейтін мейрамханалар қатары азаяр емес. Тіптен бір ресторанның өзінде демалыс күндері 3-4 той қатарынан болады. Есігін тарс жауып алып, жүздеген адамды жинап алып той жасау жалғастырып жатыр. Ескертуді елемейтін кәсіпкерлер, тексере келген мобильді топты пысқырмайды да. Солардың бірі - қаланың қақ ортасында орналасқан "Ажар" сарайы.

Мейрамхана қожайыны есік терезесін  жауып, табыс табудың  түрлі әрекетіне барған.  Ажар сарайының  иелері келген қонақтарын жасырын есіктерден кіргізіп,  көзге түспеудің амалын жасайды. Қонақтарға  да   алдын  ала ескертілген. Артқы жақтағы есікті көздеп келеді және жаңылыспайды. Онымен қоса,   көліктерін мейрамханадан 1-2 шақырым  алыс жерге қояды.

 Райымгул Махамбетова - тілші

/Тойға келген қонақтардың басым  көпшілігі мейрамхананың  артқы есігінен кірген.  Алайда, тексере келген мобильді  топ бұл есікті  аша аламады.  Тойдың біткенін күтуге тура келеді./

Ішке  кіре  алмаған мобильді топ, электриктерді шақыртып тоғын айырды. Алайда,  мейрамхананың  қосымша  тоқ көзі    бар екен. Қосып алып,   еш қымсынбастан, есігін ашпастан келген азғантай қонағымен  тойын жасай берді. Тексерушілер мен полицейлерді  көргендер,  есікке беттей  алмай  алыстан қарап тұра берді. Мейрамхананы  полейцейлер  үш сағат бойы қоршап тұрды.  Тойға  кіре  алмаған жұртшылық,  үйлеріне тарады.

Бұл да Жаңаөзендегі  атышулы  Алихан мейрамханасы.  Карантинді пысқырмайтын нысан қожайыны үйлену тойын жасап жатыр екен.

Қала тұрғыны

/Тексеру болғаны дұрыс! Халыққа дұрыстап түсіндіру керек.  Өзіңіз  көріп тұрсыз,  іште  тойдың болып жатқанын  көріп тұрсыз,  қанша  көліктің  тұрғанын  біліп тұрсыз.  Қазіргі  ахуалға,  аурудың өршіп тұруына  байланысты ашық түрде тексеру керек./

Ішке  кіре  алмаған  көпшілік,  көліктерінен  түспестен отырды.  Көбі  тойға  кірместен тарап  кетті. Денсаулық сақтау  министрлігі: каранатин кезінде той жасағандар  жауапқа тартылатынын  айтқан. Алайда,  Жаңаөзенде «жауапқа тартылмай жатыр ма, әлде тартқысы келмей жатыр ма» белгісіз.  Әйтеуір Жаңаөзен мейрамханаларында  той күнде өтіп жатыр.  Өтіп жатырған тойларға тосқауылдың жоқтығына  көзіміз анық  жетті!

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын қабылдады
19:13, 5 мамыр 2021
Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
20:23, 30 сәуір 2021
Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
Толығырақ...