ШҰҒЫЛ! Мұнай қалдықтары төгілген жердің иесі анықталды Толығырақ

Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?

20:23, 30 сәуір 2021

Қарақия ойпатына белгісіз біреулер мұнай қалдықтарын төгіп кеткен. Ойпаттағы жартасты жағалай ағып жатқан мұнай қалдықтарын тұрғындардың бірі байқап қалып, ұялы телефонына түсіріп алған. Ол бұл жазбаны редакциямызға арнайы жолдап, қалдық төгілген орынға түсірлім тобымен бірге барып қайтты. Сағира Өтепқызы сөйлейді.

Мына бейнежазбаның авторы Медет Қадыров, жылқыларын түгендеп жүргенде төгілген мұнай қалдықтарына көзі түсіпті. Қара алтынымыздың қоршаған ортаға зиянын тигізіп, осылайша ашық-шашық жатқаны жаныма қатты батты дейді ол.

 Медет Қадыров - Ақтау қаласының тұрғыны  

Мал қарап жүрсем,көзіме қара зат көрінді. Біреу от жақтыма екен деп келіп қарасам, мұнайдың төгілгендігін көрдім. Жалпы, бір екі адам бар осыны көріп жүрген.

Мұнай қалдығы ойпаттың маңайына, ұшпаның жағалау бетіне төгілген. Жартасты қуалай, төмен қарай ағып жатыр. Маңында мұнай қалдығын төгуге пайдаланған құбыр жатыр.

Сағира Өтепқызы - тілші

Міне, мынау қалдықтар төгілген шұңқыр. Аумағы қанша гектар екені белгісіз. Оны біз Мамандардан сұрап білетін боламыз. Айналада жағымсыз иіс бар. Мұнай қалдықтарымен бүлінген жердің қашан,қалай,кім қалпына келтіретіні әзір сұрақ күйінде қалады. Ал, оның зардабын қоршаған орта тартары сөзсіз.

Бұл аумаққа мұнай қалдықтары бірнеше рет төгілген болуы мүмкін,-дейді Марат Қадыров. Себебі бұған дейін де осыған ұқсас жағдайды байқапты. Ал, қоршаған ортаның тазалығына жауапты мекеме өкілдері болса, жағдайды тілшілерден естіп, оқиға орнына артымыздан келді. Олар төгілген мұнайдан сынама алды.

Сағдат Хансейітов - облыстық экология басқармасы басшысының орынбасары

Төгілген мұнай қалдығы қоршаған ортаға қаншалықты зиянынды екенін мамандар анықтайды. Ал, улы қалдықты арнайы орынға емес, ен далаға төгіп кеткен қандай мекеме? Оны жауапты мекмелер анықтаймыз дейді. Нәтижесін алдағы уақытта хабарлаймыз.

Тақырып бойынша материалдар

Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын қабылдады
19:13, 5 мамыр 2021
Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
20:23, 30 сәуір 2021
Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
Толығырақ...