ШҰҒЫЛ! Жаңа қаулы шықты Толығырақ

Тұңғыш Президент паркінің құрылысы басталады

19:15, 4 мамыр 2021

Ақтауда Тұңғыш Президент саябағының жобасы таныстырылды. Саябақ қаланың 40 шағын ауданында орналасады. Нысанның жалпы көлемі 22 га. Онда бірнеше саябақ, гүлдер аллеясы, музыкалық субұрқағы, балалар ойын алаңдары, жүгіру жолағы мен велосипед жолдары болады. Саябақта тамшылатып суару жүйесі жүргізіліп, демалушыларды желден қорғайтын қорғаныш орнатылады. Демалыс орны "BS stroy" мекемесінің жеке қаражаты есебінен тұрғызылады. Парк құрылысына мекеме 1 млрд теңге бөліп отыр. Оның 300 млн-ы биылғы жылға. Саябақ құрылысы кезең-кезіңімен жүріп, толықтай 2026 жылы аяқталады.

Сұңғат Мұңалбаев - кәсіпкер

Адамға парк салу деген арман ғо . Оның үстіне президент паркін. Мекемеге жүктелген соң Маңыстаудың азаматы ретінде жақсылап салып беруге тырысамыз.  Қаражат өз мекемеміздің есебінен істеледі. Бюджеттен ешқандай қаражат бөлінбейді. Негізгі жұмыс көлемі бес жылға арналған. Биыл 30 пайызын бітіруге тырысамыз. Алдымыз жаз, күз ,қыс дейтін ауа райы жоқ сондықтан қолайлы болады деп ойлаймын құрылыс жүргізуге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
21:17, 14 мамыр 2021
Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар