ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Тұрғындар шағымы

20:34, 16 шілде 2021

Ақтау қаласының 28 "А" шағынаудан 9-шы үйдің тұрғындары электр тоғының төмендігі мен үй маңында орналасқан кафеден шығатын тамақтың иісінен әбден запы болдық, - деп арнамызға шағымданды. Тұрғындардың айтуынша, бұл үйде жарық жиі өшеді екен. Оның үстіне тоқ әлсіз. Себебі, үй маңына орналасқан кафенің иесі тоқты 9-шы үйдің трансформаторына қосып қойған дейді арызданушылар.

Ольга Щербак - тұрғын

Күннің ыстығында үйлерін салқындату үшін мұздатқыш қосайын десе, тоқ әлсіз. Терезе ашайын десе, кафеден шыққан тамақтың иісіне демалу мүмкін емес дейді тұрғындар. Ол аздай кафенің маңында апталап алынбай тұрған қоқыс тағы бар. Тұрғындардың айтуынша, кафе қызметкерлері тағамды 9-шы үйдің жер төлесінде дайындайды. Ішіндегі жағдайды олардың біреуі телефонына түсіріп, арна редакциясына жіберді. Шағымаданушылардың тамақтың иісінен бөлек, бұл жерде санитарлық талаптар сақталмайды дейді.

Әлияш Айшакова - тұрғын

Аталған мәселе бойынша, 9-шы үйдің коммуналдық қызметіне жауапты мамандарына хабарластық.

Жауаптылар кафе иесі тоқ трансфарматорын бұл үйге жалғамағанын айтып ақталды. Ал, тұрғындар қалалық электр желілер басқармасына хат жолдаған. Бұл басқарма басшылығына бізде аталған мәселе бойынша хабарласып көрдік, бірақ олар қандай да бір ресми ақпарат беруден бас тартты.

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...