ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Туризм саласындағы кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетеді

20:50, 8 сәуір 2021

Бұдан былай туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдау заң аясында іске асырылады. Мемлекет туристік әлуеті жоғары аумақтарда нысан салған іскерлерге инвестициялық жеңілдіктер қарастыруға міндеттеледі. Тек, құрылысқа жұмсаған қаржысы 500 млн теңгеден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, мемлекет жол бойында қызмет көрсету, тау шаңғысы курорттарын дамыту шығындарының бір бөлігін өтейді. ата-анасымен бірге демалатын 14 жасқа дейінгі балалардың да тасымал құны шегеріледі. Бүгін Сенаттың екінші оқылымында осындай жаңалықтары бар заң жобасы мақұлданды.

 Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы

Соған сәйкес қаржылай қолдау тетіктерінің де ауқымы кеңейді. Олардың қатарында инвестициялық жеңілдіктер, туристік қызметті ынталандыру, сырттан туристер әкелетін туроператорлардың шығындарын субсидиялау сияқты басымдықтар бар. Сырттан туристер тартатын туроператорлардың да шығындарын субсидиялайды.

Әлуеті жоғары туристік аймақтарды дамыту арқылы 135 млрд теңге пайда тауып, мың жобаны іске асыруға болады. бұл Жергілікті халық үшін де табыс көзі. 170 мың адамды жұмысқа тарту жоспарланған. Сөйтіп, туризм саласының ішкі өнімдегі үлесін 9,3 трлн теңгеге жеткізуге қауқары бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...