ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Түрмедегі тіршілік: "Үміт - 2021" байқауы

19:19, 10 қыркүйек 2021

Ақтауда қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде жазаларын өтеп жатқандардың шығармашылығына арналған "Үміт-2021" байқауы өтті. Конкурс дәстүрлі түрде 15 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Байқаудың мақсаты - сотталушылардың арасында шығармашылық өнерді арттырып, эстетикалық тәрбиелеу - дейді ұйымдастырушылар. Түрмедегі сан алуан тағдырлармен тілдесіп қайтқан әріптесімнің бейнематериалында.

Бүгінде қоғамдағылар түрмедегі тағдырлардан бейхабар. Олар да кітап оқып, сурет салады, киім тігіп, бұйым жасайды. Тіпті, адам таңғаларлық қабілеті бар жандарды сол жерден кездестіруге болады. Түрлі тағдыр, түрлі талант бар. Солардың бірі - Эльнар Өзбеков. 1,5 жылдан бері тоқыма өнерімен айналысады. Балалар үшін шұлық, бас киім тоқиды. 8 жылға сотталған азамат 2 жыл 4 айдан бері жазасын өтеп келеді.

Эльнар Өзбеков - жазасын өтеуші

Жыл сайын өткізілетін "Үміт-2021" байқауы үш кезеңнен тұрады. Алғашқысы мекеме арасында өткізіледі. Байқаудың бірінші орын иегеріне қаржылай сыйлықтар қарастырылған. Ал, екінші орынға мекеме бастығының марапаттары бар. Шығармашылық байқау отбасы құндылықтары түрлі қолдан тігілген кескіндемелер мен абстракциялық жанрларға бағытталған. Ал қолөнершілер түрлі  бұйымдардан нипс, ағаш, тас, қағаздан жасалған өнерлерін ортаға салды.

Есболат Ағлепесұлы - ГМ 172/10 мекемесі бастығының орынбасары
Сотталушылардың қолынан шыққан бұйымдар балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қарттар үйінің тұрғындарына беріледі. Яғни, осы байқау арқылы олар жұмыстарын көпшілкке көрсетіп, қайырымдылықпен айнылысады. Осы байқау болатыны туралы мамандар оларға жылдың басында хабарлаған болатын. Олар жыл бойы осы конкурсқа дайындалады. Нәтижесін бүгін өзіңіз көрдіңіздер.

Түрмеде қандай да бір істі дөңгелетіп, ақша табуға мүмкіндік бар. Олар осындай игі істер арқылы уақыттарын тиімді өткізіп, өмірге деген құштарлығын арттырады. Түрмедегі тіршілік оларды қоғамға жігерлі азамат болып оралуларына ықпал етеді - дейді жауаптылар.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...