
Ақтауда түзету мекемесінде болған төтенше оқиғадан зардап шеккен жазасын өтеушінің жағдайы ауыр. Дәрігерлер оның әлі есін жимағанын айтады. Естеріңізге сала кетейік, Ақтау қаласындағы ГМ 172/6 қатаң режимдегі түзету мекемесінде жатақхананың төбесі опырылып, 11 адам үйінді астында қалған болатын. 3 жазасын өтеуші оқиға орнында қаза тапты. Ауруханаға жеткізілген 8 адамның төртеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кері қайтарылды. Қалған 4 науқас дәрігерлердің бақылауында. Ал, төтенше оқиғаға байланысты арнайы құрылған тексеру комиссиясы оқиғаның себебін әлі анықтаған жоқ.
Айберген Сәуірбаев - МО көпбейінді аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі
Реанимация бөлімінде жатқан науқастың жағдайы бірқалыпты но ауыр аппаратта, жарақаты ауыр. 3 науқас травмотология бөлімінде жатыр. Олардың жағдайлары жақсы. Қалыпты. Оның ішінде бір науқастың аяғы сынған, сол науқасқа операция болады.