ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Ұлттық қоғамдық кеңес мүшелері келді

20:15, 5 мамыр 2021

Аймақтағы қордаланған мәселелер Президент төрағалық ететін Ұлттық кеңесте талқылануы мүмкін. Бүгін аймаққа Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері арнайы іс-сапармен келді. Олар осындағы қоғамдық кеңес отырысына қатысып, маңғыстаулық зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділерін тыңдады. Басқосуда көтерілген мәселелер туралы Айнұр Маратқызы айтып береді.

Кеңес мүшелері алдымен аймақ басшысымен жүздесті. Серікбай Трұмов өңірдегі ахуалға тоқталып, қордаланған мәселелер жайын біртіндеп  сөз етті. Маңғыстау - табиғи өсімі жоғары аймақ. Тиісінше, халық саны көбейген соң, әлеуметтік мәселелердің туындайтыны да белгілі. Сонымен қатар, өңірдің табиғи ерекшелігіне байланысты ауыз су тапшылығы бар. Әкім шөлейтті жерде төрт түлік өсірудің қиындық туғызып отырғанын да алға тартты. Ұлттық кеңес мүшелері де өңірді дамытуға қатысты ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

Бұдан соң, сенім кеңесінің мүшелері қоғам белсенділері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Алқалы жиында сан-салаға қатысты түйткілді мәселелер көтеріліп, оның шешу жолдары да талқыға түсті. Қоғам белсендісі Айкүміс Досанова Маңғыстауда мал шаруашылығын дамытуға су көздері мен жайылымдық жерлердің аздығы кері әсерін тигізіп отырғанын айтты. Сондықтан  шаруаларға жерді жалға алумен қатар, болашақта сатып алу мүмкіндігін де қарастыру керек дейді.

Айкүміс Досанова - қоғам белсендісі

Шаруа қожалықтарының сол қожалықты жүргізу үшін салынған күрделі құрылыс, жылжымайтын мүлкі тұрған жерді ол адамға жекешелендіріп беру керек. Оны жекешелендіріп беру, ол кісінің ертеңгі күні өзінің шаруашылығын дамыту үшін банктерде күрделі құрылысты залогқа қоюға, кепілдікке беруге мүмкіндіктер туғызады. Ал қазіргі жағдайда несие алғанға жердің де кепілдігі жоқ, оның үстінде тұрған құрылыс заңдастырылмаған.

Тағы бір көтерілген мәселе-ономастика. Көше мен әлеуметтік нысандарға берілетін есімдер сол жергілікті жерге еңбегі сіңген тұлғалар болуы керек. Жергілікті халықпен санаспай, жоғарыдан бекітуді доғаруымыз қажет, дейді жиынға қатысушылар. Сондай-ақ, теңізді қорғау, балық шаруашылығын дамыту, білім саласындағы олқылықтар ортаға салынды. Әсіресе елді экология мәселесі қатты алаңдатып отыр.

Ерлан Қарин - ҚР Президентінің көмекшісі, ұлттық кеңес хатшысы

Әртүрлі мәселелер көтерілді. Экология мәселелері, ауыл шаруашылық, туризм салаларын дамыту мәселелері, әлеуметтік-қоғамдық мәселелер де көтерілді. Мына мәселе маңызды, мына мәселе алдыңғы қатарда көңіл бөлінеді деп бөліп айту қиын, көтерілген мәселелерді жіктемейміз. Барлығына бірдей көңіл бөлуге тырысамыз. Біздің мақсатымыз басқа да өңірлерді аралап, жүйелі бір  талдау жасап, сосын соған қатысты ұсыныстарымызды дайындайтын боламыз.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері облыстағы ГМ172/10 түзету мекемесіндегі  жазасын өтеушілердің жағдайымен де танысты. Олар ондағы қауіпсіздік шараларының сақталуына аса мән берді. Мекемедегі бейнебақылауға түспей қалатын жерлерді жою мәселесін дереу шешу қажеттігін айтты. Бейнежазбалардың сақтау мерзімін ұзарту бойынша да бірқатар ұсыныс білдірді. Сондай ақ, кітапхана қорын көбейту де айтылды .

Жеміс Тұрмағамбетова - ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі

Ұсыныстар көп. Мен жаңа ғана мекеменің жұмысымен танысып жүріп, бірнеше бейнекамераға ілікпейтін бірнеше жерлер бар екенін білдім. Бұл жерлерге бейнекамералар орнату керек. Сондай-ақ ақ мұндағы қызметкерлер кеудесіне бейнетіркегішті үнемі тағып жүруі  және ол тоқтаусыз жұмыс жасап тұруы қажет. Осылайша, мекемедегі қауіпсіздік шараларын толық қамтамасыз етуге болады.

Құрылғанына 1,5 жыл болған ұлттық сенім кеңесінің мұрындық болуымен 13 Заң қабылданған. Тағы 12-і қаралып жатыр.  Аймақтардағы жағдайымен етене танысу, мәселесін көтеру - олардың жұмысының бір парасы. Бізден соң олар Қарағанды, Түркістан, Солтүстік және Шығыс қазақстан облыстарына бармақ.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...