ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Ұлттық қорға түскен қаржы қайта жұмсалып кетті

21:00, 9 маусым 2021

Былтыр пандемия уақытында медициналық бюджеттің сапасын жақсартуға мемлекет бюджетінен 1,6 трлн теңге ақша жұмсалған. Одан бөлек, міндетті сақтандыру мен мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге бөлінетін қаржы 5 есе көбейген. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар осы қаржының есебін Алексей Цойдан сұрады. Мәжіліс төрағасы министрге қағаз жүзінде берілген есепке иланбай аудандық ауруханаларды аралап, жағдайды өз көзіңізбен көріңіз деген кеңес айтты. Отырыстағы өзге де мәселелерді тілшіміз жеткізсін.

Былтыр карантиннің кесірінен қазынаға қол сұғушылық көбейді. Ұлттық қорға түскен қаржының 96 пайызы қайта жұмсалып кеткен. Тіпті қорға жетпей тікелей бюджетке аударылған жағдайлар да болды. Палата төрағасы қордан да сырттан да қарызға ақша алуды доғарып, экономикалық өсімді қамтамасыз ететін нақты шараларды қолға алуды тапсырды.

Ерұлан Жамаубаев - ҚР қаржы министрі

Бюджет тапшылығы 2 трлн 185 млрд теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 3,1 проценті болды. Мемлекеттік борыш қауіпсіз деңгейде қалып отыр.

Мемлекеттік қарыз өсіп барады

Алайда есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Мемлекеттік борыштың өте жылдам өсіп жатқандығын айтып дабыл қақты. Жалпы ішкі өнімнің 29,4 пайызына теңескен. Ал елімізде оны 27 пайыздан асырмау көзделген. Ал министрлердің берген есебінде сын жоқ. Әр тиын тиімді жұмсалды дегенді қағаздан қатесіз оқып берді.

Нұрлан Нығматулин - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы

Үкіметтің, ұлттық банктің айтып отырған пайыздары дұрыс шығар. Бірақ та осы экономиканың өскенін халық көру керек, халық сезу керек. Қалай сезу керек? Азық-түліктің бағасы арзандау керек, коммуналдық қызметтің бағасы төмен болуы керек. Халықтың өмір сапасы жоғары болуы керек. Сонда ғана осы пайыздарды халық қабылдайды. Елбасы да мемлекет басшысы да Әрқашан да үкіметтің алдына осындай міндет қойып отыр. Олай болмаса сіздердің пайыздарыңыз қағаздағы жай ғана сандар болып қалады.

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу сапасын бақылау керек

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуында да олқылықтар бар. Оның себебі де жұмыс нәтиже үшін емес атқарылды деп есеп беру түшін жасалғаннан дейді парламент өкілдері.

Нұрлан Нығматулин - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы

Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 239 мың адам жұмысқа орналасқан. Ол дұрыс. Бірақ та оның ішінде 10 мың азамат қана тұрақты жұмысқа ие болған. Ол бар жоғы 4,5 пайыз ғана. Басқалары уақытша жұмыс істеййді. Әйтеуір екі қолға бір күрек деп уақытша жұмысқа алып барамыз. Бірақ та оны тұрақты шешім деп айтуға болмайды. Себебі қалған уақытта мысалы күзде, қыста не істейді? Ол кезде де жұмыс істеу керек қой. Ол кезде де отбасын асырау керек. Халықты тұрақты, тиімді, сапалы еңбекпен қамтамасыз ету керек. Бұл жұмыс есеп беру үшін емес баяндама жасау үшін емес шын мәнінде халықтың жағдайын жақсарту үшін қажет.

Бюджет қаржысын тиімді игермегендер жауапқа тартылады

Қазір ұлттық қордан немесе сырттан қарыз алып, кейін тиімді игере алмай қалған органның бірінші басшыларын жауапқа тартатын заң жобасы әзірленіп жатыр. Сол кезде бюджетке қолқа салмас бұрын қолдарыңыздан н екелетінін екшеп алатын болсасыздар деп ескертті мәжіліс төрағасы.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...