ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Worldskills жеңімпаздары шәкіртақы иеленді

19:49, 10 маусым 2021

Ақтау қаласындағы политехникалық колледждің 28 студенті Worldskills чемпионатында жүлделі орындарға ие болды. Оның үздік шыққан жиырма бірі бірінші орын алса, жетеуі екінші орын иеленді. Бүгін оларға жергілікті компания бір реттік шәкіртақы табыстады, яғни әрқайсысына 167 мың теңгеден берілді. Мөлдір Батырбай баяндайды.

Серік Әлімбаев - политехникалық колледжінің 3-курс студенті. Worldskills чемпионатында "төтенше жағдайда қорғау мамандығы" бойынша бақ сынады. Ол сайысқа тұрақты түрде қатысу арқылы тәжірибе жинап жүр.

Серік Әлімбаев - Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің 3-курс студенті

Осы world skills чемпионатына екінші жыл қатысып отырмын. Осы 2020 жылы да мен осы төтенше жағдайда қорғау мамандығы бойынша қатысқанмын. Жарыста түрлі полосалардан өтіп, жеңіске жеттім. Сол жеңісімнің арқасында степендияға іліктім. Колледж әкімшілігіне, бізге қолдау көрсеткен жастарды қолдап отырған ұстаздарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Бүгінде білім ошағы металл, токарлық өңдеу станоктары, сынды соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Студенттер осы құрылғыларды қолданып, өз мамандықтары бойынша біліктілігін арттырды. Олардың сайыста өз қабілеттерін көрсетуіне колледждің қажетті техниканың болуы да септігін тигізді.

Ғалия Түгерова - Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі басшысының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

 Осы құрылғылардың арқасында біздің студенттеріміз бүгінгі таңда бірнеше конкурстардың сонымен қатар осы чемпионаттың жеңімпаздары. World skills чемпионаты - бұл біріншіден халықаралық стандарттармен дайындайтын болғандықтан жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндігі бар. Біздің осы шетелдік стандарттармен дайындаған жабдықты біздің студенттеріміз, Отанымыздың студенттері маман болады деп сенемін.

Ал чемпионат қатысушыларына шәкіртақы тағайындаған "Тенарис" компаниясы колледжбен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Соңғы бір-екі жылдан бері қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Басты мақсат - кәсіби мамандарды дайындауға үлес қосу, -дейді - компания басшысы.

Самат Көлшіков - "Kazakhstan Pipe Threaders" компаниясының бас директоры

Мақсатымыз кәсіби мамандарды дамыту. Жергілікті мамандарды дамыту және де өзімізге болашақта жұмыс жасайтын мамандарды дамыту. Өткен жылы пандемия кезінде 41 оқушыға шәкіртақы тағайындадық. Жалпы жыл сайын сондай мақсаттарымыз бар. Бұл "Тенарис"  компаниясының программасы Мэйри Тауэрс деген.

Мөлдір Батырбай - тілші

Енді колледжішілік чемпионат жеңімпаздары қыркүйектегі өңірлік сайыста сынға түседі. Іріктеуден өтсе қазан айында республикалық додаға қатыса алады. Осылайша World skills бағдарламасы облыс жастарын ынталандырып, әлемдік байқауларда бақ сынауына мүмкіндік туғызбақ.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...