ШҰҒЫЛ! Семіз айтып, арық шықты Толығырақ

Заң жобасы қызу талқыда

21:02, 20 қаңтар 2021

Қоғамда қызу талқыға түскен заң жобасы. Өткен жылы 23 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Әзірше құжат Сенаттың сүзгісінен өткен жоқ. Қоғам тарапынан сынға ұшырап жатыр. Бірқатар ақын үндеу жариялап, әйелдер митингіге шықты. Ақтау қалалық мәслихатының депутаттары да заң жобасын қайта қарауды сұрап, Мемлекет басшысы мен Мәжіліс спикеріне хат жолдады.

Қабылданбай жатып көпшіліктің наразылығын тудырған  заң жобасындағы мәселе кейбір баптары мен тармақтарында. Құжатта көрсетілгендей, ата-ана баласына ұрысса -психологиялық, қол көтерсе - физикалық, әлеуметтік жағдай жасай алмаса - экономикалық қысым көрсеткен болады. Бұл нормалар ата-ана мен бала арасына іріткі салып, ұлттық отбасы институтының құтын қашырады.

БЛИЦ

-   Мына болып жатқан заң, вообще дұрыс емес. Ата-ана болып қалу керек, асыраушы емес. Асыраушы дегеннен кейін, ол бала мен ата-ананың арасына от салып, бір-біріне қарсы қылып отыр.

- Төрт немерем бар. Ұрып-соғуға қарсымын әрине. Бірақ ата-ананы құқығынан айыруға болмайды. Біз де ата-анамыздың тәрбиесімен өстік.

- Ұрып-соғып тәрбиелемеу керек қой. Айту керек. Нағыз неткенде ата-анасы аздап қағады ғой енді. Егер зорлық--зомбылық жасаса, үкімет араға түсуге болады ғой енді. Ата-анасынан айырған дұрыс емес ау.

Бұл мәселеге қатысты үн қатқандардың қатарында "Nur Otan" партиясынан сайланған депутат Анар Шамшадинова да бар. Ол заң жобасының шикі тұстары барын айтады. Еліміздің ұлттық болмысына кереғар тұстарын қайта қарап, әбден бүге-шүгесіне дейін зерттеп, бір тоқтамға келген дұрыс, дейді.

Анар Шамшадинова - Ақтау қалалық мәслихатының депутаты

Тұрмыстық зомбылық, экономикалық зорлық-зомбылық деген тараулар бар. Тармақтар, бұл тармақтар менің ойымша, еліміздің біз азаматшасы ретінде біздің қазақ менталитетіне келмейтін,  қазақ отбасының қаймағын бұзатын, қазақ отбасының шырағын лаулатуға қауіп төндіретіндей тармақтар деп есептеймін. Өзінің жазылмаған заңдарымен жүретін отбасы құрылымын бұзуға жол бермеуіміз керек. Ата-ананың рөлі асыраушы сияқты болып көрінеді. Мен бұл заңның одан әрі орындалысын тоқтатуды сұраймын. Сондай-ақ, бүкіл заңгерлер,құзырлы органдар сондай-ақ халықтың талқысына салып, сол талқыдан өткеннен кейін ғана заң жобасын ұсынуды сұраймын.

Отыз жылға жуық тәжірибесі бар заңгер де көпшіліктің пікірін құптап отыр. Оның ойынша, қолданыстағы заңнамадағы  талаптардың өзі де бала құқығын толық қорғауға жеткілікті. Ал жаңа заңда көрсетілген талаптар, демографиясының өсіміне кері әсерін тигізеді дейді ол.

Нұртуған Тұржанов - заңгер

Балаға қатысты, кәмілет жасқа толмаған  немесе қиянат жасаушы, зорлы-зомбылық жасаушы әкеге немесе анаға қатысты заңдарды қазірдің өзінде жақсы жүріп тұр.  Тиісінше жауаптылыққа тартылып жатыр. Ондай семьяларды анықтаубойынша, әлі де тиісінші қызметтер жасаған жоқпыз. Яғни біздің қолданыстағы заңдарымыз  тиісінше деңгейіне келген де жоқ. Яғни бір заңды бітірмей жатып, еікншісін қабылданып жатсақ. Біреуінің нақты тәжірибесіне баға бере алмай тұрып, екінші бір қосымша заңды қолдана салу...Уейбіреулер айтып жатыр  ғой ақпарат құралдарындағы балаға жасалған қиянаттың салдарынан біз заңды өзгертуге мәжбүр болып отырмыз. Мына жағдайдағы принцип үлкен қауіп әкеле жатыр.

Белгілі болғандай, заң жобасын Мәжіліс алдағы сәуірде қайта қарайды. Көпшілік сол кезде айтылып жатқан сын-ескертпеле ескерілсе деген ойда.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
20:54, 19 ақпан 2021
Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
Толығырақ...