ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Заңсыз қоқыс төккендерге айыппұл салынады

20:03, 30 шілде 2021

Бұл -Ақтау қаласындағы 29 "а" шағынаудан. Көзден тасалау жер бұл күндері қоқыс полигонына айналған. Бүгінде тұрмыстық қалдықтарды арнайы полигондарға апарып төгуді қиынсынған халық қоқысты кез келген жерге төгіп кететін болған. Бүгін осы күл-қоқысты қалалық комуналдық қызмет мекемесі мен эколгия басқармасы мамандары тазартты. Олар осы жердің өзінен 200 тонна тұрмыстық қалдық шығарды. Бұл осы айда тазартылған екінші аумақ. Шілденің басында 15 шағынауданнан 4300 тонна қалдық шығарылған болатын.

Алпысбай Таубаев  - Ақтау қалалық түкш бөлімінің басшысы

Негізі Ақтау қаласының тұрғындары барлық шығатын қоқыстар Ақтау қаласы бойынша Мұнайлы ауданында палигон бар арнайы соған төгіліуі керек. Яғни тұрғындар арнайы техника жалдап сол жерге төгуі керек. Айппұл төлемі төгіп үлгермеген жағдайда ескерту беріледі. Төккеннен кейін  30МРП яғни 90 мың теңге көлемінде айппұл салынды.

Қала аумағында заңсыз қоқыс төккендерге қарсы рейд жұмыстары да жүріп жатыр. Рейд барысында қоршаған ортаға зиян келтірге 56 азаматқа әкімшілік айппұл салынған. Мұның бәрі ғарыштық фототүсірілім нәтижесінде анықталған орындар. Сол  бойынша тексеріліп жатыр. Жыл басында ғарыш агенттігінің нысанына қала аумағыннан заңсыз қоқыс төгілген 32 орын іліккен.

Сағдат  Хансейтов - облыстық экология департаменті басшысының орынбасары

2020 жылы ғарыштық түсірілім барасында 148 заңсыз орын анықталып оның 95 пайызы жойлды. 2021 жылғы ғарыштық түсірілім барысында 211 орын анықталды . Бүгінге дейін 114 -і жойылды. Жұмыстар жалғасуда . Толық аяқтауды тамыз айының соңына жоспарлап отырмыз.

Заңсыз қоқыс төгушілерге қарсы рейд жұмыстары тамыз айының соңына дейін жалғасады. Ал мамандар қоқысты әр жерге емес, арнайы полигонға төгу керектігін айтады. Өйткені қала мен қоршаған орта тазалығы басты орында. 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...