ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Зардап шеккен шаруашылықтарға көмек көрсету тапсырылды

20:36, 21 шілде 2021

Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды. Асқар Мамин облысқа арнайы барды. Қазір мұнда көршілес өңірлерден шөп жеткізу жұмыстары жүріп жатыр. Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен жасалған уағдаластық аясында 1200 тоннадан астам арпа әкелінді, олар фермерлерге нарықтық бағадан төмен сатылды. Сондай-ақ мал басын түгендеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Мал азығына кеткен шығындарды ішінара өтеуге 2 млрдқа жуық теңге бөлді. Фермерлік шаруашылықтарға қолжетімді бағамен көлемі 114 мың тоннадай шөпті сатып алу және жеткізу үшін тұрақтандыру қоры қалыптасады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы 56 мыңнан астам тонна жем-шөп сатып алуға қосымша қаржы бөлінеді.

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...