
Денсаулық сақтау министрлігі 15 ақпанда зейнетақы салымдарын медициналық мақсатта пайдаланудың қағидаларын бекітті. Зейнетақы салымдарын медициналық мақсатта пайдалану жергілікті тіркелген медициналық ұйым дәрігерінің анықтамасы негізінде жүзеге асырылады. Дәрігерлік комиссия азамат жүгінген бес күннен кешіктірмей медициналық қызметтің тізіліміне сәйкес рұқсат немесе одан бас тарту жөніндегі ақпарат беруі тиіс. Медициналық анықтама комиссия отырысы өткен екі күннен кешіктірілмей беріледі, деді медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева.Тізілімге кепілдендірілген медициналық қызметке кірмейтін қымбат процедуралар енгізілген. Олардың қатарында орфандық, яғни сирек кездесетін аурулар, оның ішінде диагностика және дәрімен қамтамасыз ету, ел аумағындағы клиникалардағы стоматологиялық қызметтер, протездеу, имплантациялау, қалпына келтіруші оталар, соның ішінде пластикалық хирургия, туа бітті ақаулар, мастоэктомия үшін пайдалануға рұқсат берілген. Бұл қызмет травма алғандар мен емдік шаралары мен отадан кейін қайтара отаны қажет ететін жандарға арналған. Сонымен қатар, тағы бір қызмет радионуклеидтік емдеу мен радионуклеидтік терапияға бағытталған. Оны қазақстандықтар шетелдік клиникаларда ем алу үшін пайдала алады.