ШҰҒЫЛ! Семіз айтып, арық шықты Толығырақ

Зейнетақы төлемдерін алу қағидалары бекітілді

21:15, 25 қаңтар 2021

64 мыңнан астам маңғыстаулық зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады. Бұл - өңір халқының 10 пайыздан астамы. Жинақ қаражатын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидалары күшіне енді. ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» уәкілетті оператор ретінде 23 қаңтардан бастап өтініш тапсыра алатын арнайы онлайн платформаны іске қосты. Қаражатты қандай мақсатта, қалай алуға болады.

Халықтың көкейінде жүрген көп сауалдың жауабы белгілі болды. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға қаржы алудың негізгі тетіктері жарияланды. Жасы мен табысына сай, зейнетақы жинағынан ақшасын ала алатын 700 мыңнан астам қазақстандық қаржыны мына мақсаттарды пайдалана алады.

Заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін мына мақсаттарға пайдалануға болады:

- Ипотеканы ішінара немесе толық өтеу (тұрғын үй сатып алу, тұрғын үй сатып алу және жөндеу мақсатында

- бастапқы немесе екінші нарықтан ипотекасыз үй сатып алу үшін

- "Отбасы банкінен"  заем алу. Тұрғын үй сатып алу, жөндеу, құрылыс+ ЖТҚ, ЖҚШ жер телімі сатып алу үшін

- Ипотека бойынша бастапқы жарна үшін қолдану

- Тұрғын үй құрыысы бағдарламалары және дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясында ұсынылған сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша  берешекті ішінара немесе толық өтеу

- Жеке тұрғын үй салу үшін

- Отбасы банкісінде ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру

Жианақта қалуы тиіс шектік сомадан асқан қаражатты азаматтың өзі немесе жұбайы, сондай-ақ туысытары пайдалана алады. Ол үшін арнайы шот ашылады да, өтініш беріледі.

Айдын Әженов - МО "Отбасы банк" АҚ бизнесті дамыту бөлімінің маманы

2 жұмыс күні ішінде ЕНПФ қа түседі, ол заявканы тексергеніннен кейін 5 күннің ішінде ақшаны аударады. Одан кейін ақша алушы адамқандай мақсатта алып жатыр, соның құжаттарын тапсыру керек. Оны 45 күннің ішінде тапсыру керек болады. Банкке келіп жүр қажет емес. Немесе Ақтау қаласында ораналсқан біздердің консультационный центрлеріміз бар сонда барып толықтай ақпарат ала аласыз.

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған жинақ қаражатын ережеде белгіленген әр түрлі мақсатта шектеусіз рет пайдалануға болады. Салымшылар 13 қаңтадан бастап онлайн режимде шот ашуды бастап кетті. Бүгінде 60 мыңға жуық Қазақстандық жеке шотын ашқан.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
20:54, 19 ақпан 2021
Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
Толығырақ...