ШҰҒЫЛ! 17 кәсіпорынға айыппұл салынды Толығырақ

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды

18:52, 29 шілде 2021

Жыл басынан бері жалған құжат жасағандарға қатысты 86 іс қозғалды. Оның 39-ы вакцинация паспортын, ал 47-сі ПТР-анықтаманы қолдан жасаған. Бұл туралы Ішкі Істер министрлігі мәлімдеді. Қазір елімізде жалған құжат жасау фактілерін анықтайтын ведомствоаралық арнайы топ жұмыс істейді. Онда Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Денсаулық сақтау министрлігі сияқты 7 мемлекеттік органның қызметкерлері бар. Ішкі істер органдарының жедел және тергеу бөлімшелері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді. Ал полиция қызметкерлері медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пункттерін тексеруді жалғастырып жатыр. Айта кетейік, жалған құжат жасағандар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Оны пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамауға алынады.

Тақырып бойынша материалдар

Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
19:48, 17 қыркүйек 2021
Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
Толығырақ...
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
19:48, 17 қыркүйек 2021
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
17:47, 13 қыркүйек 2021
Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
Толығырақ...