ШҰҒЫЛ! Ақтауда 200 ге жуық үлескер 2 жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүр Толығырақ

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды

17:47, 13 қыркүйек 2021

Өңірде 150 ден астам тұрғынға вакцинаның жалған пастортын сатқан 8 адам ұсталды. Заңсыз құжат дайындаған дәрігерлер Ақтаудағы жеке және мемлекеттік емханаларда жұмыс істейді. Олар вакцинаның жалған құжатын дайындау үшін делдалдар арқылы тұрғындардан 30-50 мың теңге көлемінде ақша алған. Құзырлылардың айтуынша, дәрігерлер бұл әрекетті делдалдар арқылы жасаған. Криминалдық полиция мамандары 2 ай бойы іздестіру шараларын жүргізген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ұсталғандар ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен үйлеріне жіберілген. Сондай-ақ, оларға әкімшілік айыппұл мен қоғамдық жұмыстарға тартылу жазасы қарастырылған.

Алтынбек Қалиев - облыстық ПД бастығының орынбасары

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
18:32, 15 қазан 2021
Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
Толығырақ...