ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Жаңаөзенде жаңа газ зауыты салынады

20:34, 21 маусым 2021

Облыс әкімі Серікбай Трұмов Жаңаөзенге іс- сапармен барды. Алдымен, Қазақ газ өңдеу зауытының бүгінгі жағдайымен танысып, бірқатар мәселелерді пысықтады. Сонымен қатар, Кендірлі және Қызылсай ауылында құрылысы басталған ғимараттарға бас сұқты. Мердігер мекемелердің жасап жатқан жұмыстары қатаң бақылауда болады. Құрылыстың сапасына аса мән беру керектігін айтқан әкім, тиісті тапсырмаларды жүктеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақ газ өңдеу зауытында 16 маусым күні  өрт шыққан болатын.  Қызыл жалын өндірістік орынның сыртқы жылу ауыстырғыш аумағының 980 шаршы метрін шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Бүгінде зауыттың 30 пайызы жұмыс істеп тұр.  Қазір қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кету керек, «ҚазМұнайГаз» компаниясы зауыт жанынан газ өңдеу зауытының жаңа жобасын жасап жатыр.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  зауыттың құрылысын тездетуді тапсырған болатын.  Облыс әкімі мекемеге барып жасап жатқан жұмыстарымен танысты.

Нақберген Төлепов - «Қазгөз» ЖШС басшысы

Сапар барысында, облыс әкімі "Рахат" ауылындағы «Жақсы» спорт кешені жанынан ашылған «Анашым» шеберлер  орталығына барды.  Нысанның ішін аралап, ондағы арнайы мамандандырылған техникалармен танысып шықты.  Қазіргі кезде, мұнда 6 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылған.  Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта қызметкерлер санын 15- ке жеткізу жоспарланып отыр.

Арнайы топ барған үшінші мекен- Кендірлі ауылы.  Ауылда қазір 300 орындық  мәдениет үйі мен 45 орындық  кітапхананың құрылысы жүріп жатыр.  Жұмыстың  85 пайызы аяқталған.  Қаладағы апатты жағдайдағы көпқабатты үйлер  де әкімдіктің басты назарында. Қазіргі кезде демеушілердің қолдауымен «Шұғыла» шағын ауданындағы 3 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, аталған шағын аудандағы 6,7,8 және 9 үйлерде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.  Қоқыс мәселесі де сөз болды. Мамандар  қатты тұрмыстық қалдықтарды тасмалдайтын 10 техника мен 500 дана контейнер сатып алу керектігін тілге тілек етті.

Серікбай Трұмов - Маңғыстау облысының әкімі

Облыс басшысы одан әрі Қызылсай ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылыс жұмысын тексерді.  Алайда, атқарылған жұмыстардың кейбірі талапқа сай болмай шықты. Сондықтан, мердігер мекеме қызметкерлеріне мамандар бірқатар тапсырмаларды жүктеп, қатаң бақылауда ұстайтынын айтты. Жоспарға сәйкес, орталық биыл тамыз айында іске қосылмақ.  Бір қуантарлығы - мұнда жұмыс істейтін болашақ дәрігерлерге тұрғын үй дайын тұр. Ақ халаттылар әкімге ультрадыбыстық зерттеу және рентген апараттарын алып беруін сұрап, ұсыныс білдірді.

Әкім-қаралар барған тағы бір нысан «Шаңырақ» шағын ауданындағы  жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының ғимараты болды.  Онда жұмыстар белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқанын көрдік. Облыс әкімі сапар барысында айтылған мәселелер мен ұсыныс, пікірлер назардан тыс қалмайтынын  айтты және керекті- құрал жабдықтарды алып беруге көмектесеміз деді.

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...