ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Жаңаөзенге сегіз вагон шөп жеткізілді

20:35, 21 шілде 2021

Биыл жайылымның жағдай жұпыны, елде жауын болмай, қуаңшылық белең алды. Төрт - түліктің азығы тапшы. Маңғыстау өңіріндегі жұтқа алаңдаған оңтүстіктегі ағайын асарлатып шөп жіберуде. Батысқа қарай бет алған шөптің алғашқы легі Сарыағаштан келсе, бүгін Шардара ауданы Қазақстан совхозы мен Арыстан барлығы жиырмаға жуық вагон жөнелтілген. Жаңаөзенге келген сегіз вагон шөптен Қарақия ауданының тұрғындарына да таратылып жатыр.

Ұзақбай Келбетов - Құланды ауылының тұрғыны

Түркістан облысы Шардара ауданынан шөп келіп жатыр,сол жақтағы қандастарымызға көп-көп сауболсынымызды айтамыз. Елімізде осындай жұт болып тұр.Малдарымызда шөп жоқ. Осыны пайдаланып, көп-көп рахметімізді айтамыз.

Бір вагонға мың түк шөп тиелген. Мал азығынан таршылық тартып отырғандарға кем дегенде төрт-бесеуден үлестіріліп жатыр. Ал, шаруа қожалықтарының әрқайсысына қырық данадан берілуде. Тегін таратылып жатқан төрт -түлік қорегін алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке мал басы тіркелуі тиіс. Арнайы бақылау комиссиясы да құрылған.

Саламат Ақбердиев - үйлестіруші

Қызылсайға екі вагон, Сенек, Қарақұдық, Құланды совхоздары тегін шөпті теңдей бөліп алып жатыр.Тоқтамайды бұл, алдағы уақытта Алматы қосылып жатыр. Шама келгенше,ауылдарында өсіп жатқан шөпті орып, жіберіп жатыр.

Вагонға тиелген шөпті таратып, жүктеуге ауыл белсенділері атсалысуда. Алдағы күндері Арыстықтар аттандырған мал азығы жеткізілмек. Төрт-түлігінің жайына алаңдағандар қуаңшылық жайлаған шақта, қарап қалмай, қол ұшын созған қайырымды жандарға алғыстарын айтуда.

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...