ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Жаңбыр жаудыру технологиясы қолданылатын болды

20:50, 13 қыркүйек 2021

"Маңғыстауға жасанды жолмен жауын жаудыратын құрылғылар әкелінді." Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде осындай бейнежазба тарады. Алайда, облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың айтуынша, бұл жалған ақпарат. Бейнежазбада жүрген құрылғының жасанды жолмен жауын жаудыруға еш қатысы жоқ. Оны мұнайшылар жарық түсіру үшін қолданады. Ал, өңірге атмосфералық ылғалдан жауын - шашын жаудыруға арналған технологияны қолдану туралы шешім кеше ғана қабылданған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Жобаны іске асыру үшін тараптармен облыс әкімдігі келісім-шартқа отырып, арнайы жұмыс тобы да құрылған. Олар бағдарламаның барлық кезеңін бақылайды. Идеяның негізгі мақсаты - атмосфералық жауын шашын көлемін орта жылдық есептен кемінде 30% - ға дейін арттыру. Бағдарлама облыс аумағында 13 ай бойы эксперимент түрінде жүргізіледі. Атмосфералық жауын-шашынды арттыру жұмыстарын климаттық технологиялар саласында 20 жылдық тәжірибесі бар ғалымдар, технологтар және метеорологтардан құралған кәсіби команда жүзеге асыратын болады. Айта кетейік, бұл әдіс Біріккен Араб Әмірлігі, Иран, Жаңа Зеландия, Ресей және басқа да елдерде сынақтан өткен.

Ғалымжан Ниязов - облыс әкімінің орынбасары
мына жаңырба кешегі видеоға  Қондырғының ешқандай қатысы жоқ Ол мачтовый прожектор. Оны көтереді да любой жерде жұмыс жасаған жарық әкеліп тұру үшін. Оны әртүрлі мағынада қолданатын зат. Оның ешқандай қатысы жоқ. Осы тәжірибеге қондырғыларды алып келеміз дейді. Сентябрь айының аяғына дейін. Үшінші кім қаржы төлейді деген мәселе. Гарант Қазақстан деген фонд құрылған. Гарант Қазақстанға жеке инвесторлар, жеке азаматтар қаржысы төлену арқылы бұл қондырғыны байқап көреміз. Қондырғының қандай жұмыс жасайтынын көреміз.

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...