ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Жарымжан аударманың әлегі

19:02, 4 маусым 2021

Біз қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндетті емеспіз! Бұл сөзді балалар мерекесі күні қаладағы "Лагуна" аква паркінің қызметкерлері айтқан. Осында бала-шағасын қыдыртуға алып келген қала тұрғыны Абзал Қосбармақ 17 жастағы ұлын демалыс орнына кіргізе алмайды. Ұлының 16 жасқа толып, жеке куәлік алғанын, қазір 17 жаста, ересек адамның қарауынсыз жүре алатындығын айтып шырылдаған тұрғынға олар пысқырып та қарамайды. Орыс тілінде жазылған шектеулерді алдына тосып, "Бұл жеке нысан, қай тілде сөйлесек те өз еркімізде!" деп дандайсиды.Ұлымның Конститутциялық құқығы тапталып, ана тіліміздің шектелуіне неге жол беріледі-деген тұрғынның базынасын тыңдап келген Сағира Өтепқызы сөйлейді.

Абзал Қосбармақов 2-ші маусым күні төрт баласын ертіп, қаладағы "Лагуна" аквапаркіне барған. Парк әкімшілігі 3 баласын кіргізіп, 17 жастағы ұлын жібермеген. Ойын - сауық орталығының талап-ережесінде "16 жасқа толмаған бала ересек адамның қарауынсыз жіберілмейді" деп орыс тілінде жазылыпты. Ал, кейіпкеріміздің ұлы 17-де болғандықтан ережеге сәйкес кіруге болады екен. Алайда, аквапарк әкімшісі орыс тілінде жазылған ақпарат қазақ тілінде дұрыс аударылмапты деп, сол мезетте "Маркермен" өшіріп тастаған.

Абзал Қосбармақов - қала тұрғыны

Аквапарк әкімішіліген ереженің қазақ тілінде талап еткен азаматқа орталық күзетшісі учаскелік полиция өкілдерін шақыртқан. Абзал Қосбармақ аквапарк әкімішілігіне арыз-шағым түсіріп, қазір бұл іс облыстық полиция өкілдерінің қарауында.

Әйгерім Ибатуллаева - МО ПД ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының м.а

Аталған мәселеге байланысты облыстық архив және тілдерді дамыту басқармасы мен жергілікті әкімідікке хабарластық.

Айгүл Ықыласқызы - облыстық мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы

Қуандық Баймұханов - қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а

Шағын және орта бизнеске 3 жылға мараторий жарияланғалы қазір кәсіпкерлік нысандарға тексеріс жұмыстары  жүргізілмейді. Бірақ ол мемлекеттік тіл туралы  заңды белден басу деген сөз емес. Бұл мәселенің бір ұшығы қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне де тиеді, мұнайлы өлкеге жұмыс сұрай келгендерге талапты қатаңдату қажет. Әйтпесе 100 пайызға жуық қазақ тұратын өңірде тілді шұбарлағандар шын мәнінде елдің шамына тиеді.

Бұл бізге хабарласқан бір ғана тұрғынның арыз-шағымы, ал хабарласпағандар қаншама? Тіл тақырыбы біздің назарымызда болады.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...