ШҰҒЫЛ! Жаңа қаулы шықты Толығырақ

Жас анаға көмек қажет

20:23, 22 ақпан 2021

29 жастағы Гүлбибі Ахметоваға шұғыл ота жасату керек. Ол өте сирек кездесетін бауыр ауруына шалдыққан. Ішкі органның 100 пайызы зақымданған. Беларустық дәрігерлер мүшені ауыстыру қажеттілігін айтып отыр. Өйткені, өміріне қатты қауіп төніп тұр.

Гүлбибі аурудың алғашқы белгілерін осыдан 2 жыл бұрын  сезіне бастаған. Алғашында жергілікті дәрігерлерге қаралады. Олар 3-стадиядағы бауыр обыры немесе цирроз деп екі диагноз қойған. Ауруы нақты анықталмаған соң, Алматыға барады. Ондағы мамандар итальяндық әріптестерімен кеңесе отырып, мультифокалды эпителоидты бауыр гемангиэндотелиомасы деген диагноз қояды. Дертіне дауа іздеп, Мәскеуге, Үндістанға да барады. Диагноз расталады. Бұл өте сирек кездесетін дерт. Гүлбибі осы ауруға шалдыққан еліміздегі екінші адам. Ал айығудың бір-ақ амалы бар, ол - трансплантация жасату. Әлемнің 5 елінде мүшені ауыстыру оперциясын жасайды. Ең жақыны әрі ең арзаны Белоруссияда.

Гүлбибі Ахметова - науқас

Белорусияда болып келдім. Диагностикадан өтіп келдім. Диагностикадан өткен кезде бауырымнан өкпеме метастаз өтіп кеткені анықталды. 3 ай уақыт беріп отыр. Уақыт өте аз. Оның бір жарым айы өтіп кетті. Сбор аштым, операцияның құны 125 мың доллар.Мен операцияға дейін барып, күтіп жатуым керек. Содан  кейін де 1-2 ай тексерілуде болуым керек.Өйткені, бауырға өте қиын операция деді.  70пайыз не беріп тұр, 30 пайыз риск беріп тұр.

Халықтың көмегімен 9 млнға жуық қаражат жиналған. Тағы 45 млн теңге көмек керек. 3 баланың анасы қазір тек дәрінің көмегімен өмір сүріп жатыр. Тапқан таянғанын емге жұмсап отырған жас отбасы пәтер жалдап тұрады.  Дәрігерлер оның кез келген уақытта үзіліп кетуі мүмкін екенін айтып отыр. Үш періштесі үшін аман қалуды армандайтын ана қайырымды жандарға үміт артады.

Тақырып бойынша материалдар

Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
21:17, 14 мамыр 2021
Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар