ШҰҒЫЛ! Жұмысшылар жалақыларын талап етіп жатыр Толығырақ

Жедел жәрдем бекеті салынып жатыр

19:45, 23 ақпан 2021

Мақсат Ибағаров Жаңаөзендегі құрылыстарды аралады. Олардың қатарында шұғыл медициналық жәрдем станциясы, Рахаттағы мәдениет үй мен Кендірлі ауылы бар. Өткен жылы басталған құрылыс нысандарының жұмысын көрген әкім мердігерлерге сапаға баса назар аудару керектігін ескертті.

Жаңаөзендегі  жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының  құрылысы өткен жылдың қарашасында басталды. Қазір ішкі сылақ жұмыстары ,электр желілері, кәріз жүйелері, су құбырларын жүргізу аяқталған. Енді сырлау жұмыстарымен , асфальт төсеп,  жиектас орнатылады. Ал қолданысқа наурыз айында беріледі.

Дамир Желдібаев - мердігер

«Қаражат әлі де бөлінуі керек. 96 миллион теңге бюджеттен бөлінсе біз өз уақытымызға заманға сай жедел жәрдем станциясын бітіреміз.»

Құрылысы былтыр басталған Рахат ауылындағы мәдениет үйі де яқталуға жақын. Мұнда да ішкі әрлеу-сырлау жұмыстары ғана қалған.  Жалпы құрылыстың толық аяқталуы мамыр айына жоспарлаған.

 «Егерде газдың иісі шықса мынау автоматты түрде сөндіріледі. Барлық үйде осындай қойып жатырмыз. Описаниасымен жасады бұрын мұндай болмаған. Енді барлығына қойылып жатыр.»

Жаңа ауыл Кендірліде де құрылыс қарқынды. Қазір ауыл әкімдігі ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Ғимарат құрылысы дизайнерлер көмегімен жасалып жатыр. Мемлекеттік қызметтер тұрғындарға барынша ашық әрі қолжетімді болуы үшін әкімдік үйі "OpenSpace" форматы бойынша жасақталған. Яғни, бөлім басшылары мен қызметкерлері жабық кабинетте емес, ашық бөлмелерде отырады. Жұмыс істеуге қажетті құрал- жабдықтармен толықтай жабдықталса наурыз айында  салатанатты түрде ашылады дейді ауыл басшылығы. 

Мекен Үйсенов - Кендірлі ауылы әкімінің уақытша м.а.

«Ғимарат №23 орта орта білім беру мектебінің сол жақ корпусында орналасқан. Жаңа аумақтық әкімшілік бірліктік аумағы салынғанға дейін әзірге ауылға қызметтерді осы жерден көрсететін болады. Қазір қоғамдық мекемелермен 50-ге жақын қызметкерлерді Рахат 3 Кендірлі ауылына қарасты тұрғындарды әлеуметтік жұмыспен қамту мәселелерін қарап жатырмыз.»

  Сондай-ақ, Рауан шағынауданының абаттандырылуын мен Қызылсай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарының  де тексерді.

Тақырып бойынша материалдар

Шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер ширатып отыр
20:48, 3 наурыз 2021
Шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер ширатып о...
Толығырақ...
Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының тірегі
20:37, 3 наурыз 2021
Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының тірегі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
20:49, 26 ақпан 2021
Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
Толығырақ...