ШҰҒЫЛ! Мұнай қалдықтары төгілген жердің иесі анықталды Толығырақ

Жедел жетпеген жедел жәрдем

19:20, 29 сәуір 2021

Неге жедел жәрдем қызметі зардап шегушіге дер кезінде келмейді? Атамекен ауылында бағанадағы электр сымдарын жөндеп жатқан жұмысшыны тоқ соғып, жерге құлайды. Алайда оған ақ халаттылар уақытында көмек көрсетпеген.Қазір әлеуметтік желіні шулатып жатқан бейнежазбаға Ақсындар Табылды да қызығушылық танытып, зерттеп, зерделеп көрді.

Интершум... Бір адам жоғарыдан құлап түсті Не мынау? Звондағанға 10 минут болды әлі жоқ міне, жүгіріп келдім 10 минутта.

Жедел жәрдем станциясы оқиға болған жерден бар болғаны  300 метр қашықтықта орналасқан . Бірақ бағанадан құлап сұлық жатқан жұмысшыға көмек дер кезінде келмеген. Көмек көлігінің кідіргені сонша жаяу жүргінші жүгіріп барып өзі шақырып келген. Тіпті оқиға орнына кері келгенде де жедел жәрдеменен бұрын жеткен. Бірақ жедел жәрдемдегілер уақытында барып көмек көрсеткенін айтады.

Айларбек Шыршықбаев - облыстық жедел-жәрдем станциясы директорының м.а.

Бұл шағырылым категория бойынша 2-ші категорияға жатады. 225 бұйрық бойынша 15 минуттатың ішінде қызмет көрсетілуі тиіс. біздің маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері 13 минутта жетті, уақытында қызметтерін көрсетті, вызовқа кешігу болған жоқ.

Рүстембек Еділбай - Мұнайлы ауданы жедел-жәрдем станциясының қызметкері

Біз оқиға орнына уақытында бардық. Көмегімізді көрсеттік . Бізге кедергі жасады. Балағаттап, боғауыз сөздер айтып. Біз уақытынды қызметімізді атқардық. Ауруханаға жеткіздік.

Бейнежазбада көрсетілгендей жұмысшыны тоқ соқпаған. Бағанадан құлаған жігіттің бас миы шайқалып,сан еті жыртылып, жамбасына зақым келген. Облыстық ауруханаға жеткізілген науқасқа ота жасалған. Қазір жағдайы тұрақты. Ал облыстық денсаулық сақтау басқарамасы бұл іске қатысты тексеріс бастаған.

Нұрбол Оқуов- МО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы

Аталмыш дерек бойынша денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем станцасының басшысымен сол күнгі кезекшіге қатысты құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар ішкі аудит тексеру жүргізеді. Соның нәтижесіне сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тарту мүмкін , қызметінен босату мәселесі көтеріледі.

Сол күнгі жедел жәрдем бригадасы "Біз уақытында жеттік" дейді. Басшылары да солай деп ақталады. Алайда Желідегі жұртты шулатқан бұл жағдай қоғамды бейжай қалдырмады. Олардың бар айтары "Жедел жәрдем" атына заты сай болса екен дейді. 

Тақырып бойынша материалдар

Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын қабылдады
19:13, 5 мамыр 2021
Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
20:23, 30 сәуір 2021
Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
Толығырақ...