ШҰҒЫЛ! Мұнай қалдықтары төгілген жердің иесі анықталды Толығырақ

Жоқтаушысыз қалған жырау

20:44, 29 сәуір 2021

Жыр сүлейі Сүгір жыраудың соңғы шәкірті Жақсылық Елеусінов көптен бері халық назарынан қағыс қалды. Туған халқының талай той-думанында жырдан шашу шашқан талант иесі тіптен ұмыт болған сияқты. Олай дейтініміз, өнерпаз өткен жылы 80 жасқа толды. Алайда, не билік, не мәдениет басқармасы тарапынан селт еткен ешкім болмады. Неге барымызды тірісінде қадірлеп, қолдан келгенше ұлықтамаймыз?

            Сексеннің сеңгіріне шыққан қария қапалы. Тек жақын руластары ғана жайынан хабар алып, жағдайын жоғарыға жеткізуге бел буыпты. Ағайындары Ақтауда атойлатып тойламаса да шағын жиын жасауды жоспарлап отыр. Бүгін өнерпаздың шаңырағына өнердегі ізбасарлары да бас қосты. Арасында Нұрсұлтан қаласынан арнайы келген Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, жыршы Амандық Көмеков те бар. Одан өзге шәкірттері, інілері мен жанашыр тыңдармандары да болды. Көптен алқа көрмеген жырау оларға домбырасыз жыр шумақтарын айтып, өткен күнді еске алды.

 Жақсылық Елеусінов - жырау

Өзіңнен күн кеткесін болмайды екен. Айтыпты ғой жаңағы, қу сексен көрем деген жасым ба едің, быламық ішем деген асым ба едің, жас күніңде жадырап ән сала бер, көрермін маған келсең жасыр ма едің деп, жаңағы Досанда айтыпты Түйеден түссем қайтып міне алмаймын, алдымда кім бар, кім жоқ біле алмаймын, алыңыз керек болса жастарыңа, бақ қонсын бақыт болып бастарыңа, ендігі Адай, адай ұранымыз, тарқамай жүрсін бірге құралыңыз»        

            Жақсылық Елеусінов  Оңтүстік Қазақстан облысында 1941 жылы туған. Бірақ құжатта 1940 жылы деп жазылып кеткен. Ұстазы Сүгір жыраумен тоғыз жасында Мақтарал ауданындағы бір тойда кездескен. Өлең айтып отырған жерінде атақты жыраудың көзіне түскен. Бес жылдан соң, қайта жүздесіп,  өмірінің 20 жылы ұстазының жанында өтеді.

            Даңғайыр жырау шығармашылығына өнер зерттеушілері Алмас Алматов пен Берік Жүсіпов жоғары баға берген. Жырларын таспаға түсіріп, жинағын да шығарған. Өнерпаздың бүгінгі жағдайына шәкірті Амандық Көмековте алаңдаулы.

 Амандық Көмеков - Ж. Елеусіновтың шәкірті

            Сексеннің сеңгіріне шыққан ағамызды ардақтай алмай, адам болып жер басып жүргеніміздің өзі кейде көңілге аздап та болса, кірбің ұялатады. Бұл кісінің 80 жасқа толғанын осы аймақ, яғни Маңғыстау, батыс өлкесі үлкен мереке ретінде атап өтпесе, баяғы Абыл, Нұрым, Ақтаным, Осылар еді тақтағым, осылай маған үйреткен,Тарихтың ізгі ақпарын, кешегі өткен қарттарым дегендей, сол қарттардың соңын басып келе жатқан табиғи талант, табиғи дарыныменен, сол өнерді жалғастырып келе жатқан жалғыз Жәкеңнің 80 жасын тойлай алмасақ, ол тірідей өлім біз үшін. Сол тұрғыда қарап отырсақ Махамбеттің сөзі бар арқаның қызыл изенін қыдырып шалар аруана, кәрісі кімнің жоқ болса, жасы болар диуана, бір сынаған жаманды, екіншілей сынама, тірлікте сыйласпаған ағайын, құм құйылсын көзіңе, өлгенде бекер жылама»

Сәбит Ұлықпан-тілші

            Бүгінде жырау көпшіліктің қолдауына мұқтаж болып отыр. Көзі көруден, құлағы естуден қалған. Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында орналасқан шағын баспанасы бар. Оның да бір бөлігі қаражаттың тапшылығынан салынбай тұр. Сондықтан,  атқамінер азаматтар мен жомарт жандар жыраудың жағдайына көңіл бөлсе жақсы болар еді.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын қабылдады
19:13, 5 мамыр 2021
Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
20:23, 30 сәуір 2021
Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
Толығырақ...