
Жаңаөзенде өзгелерден озып кетуге асыққан жүргізушінің әрекеті жол апатымен аяқталды. «ВАЗ-2114» көлігінің жүргізушісі басып озған кезінде BMW мен «Geely»-ге соғады. Бір адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Полицейлер кінәлі жүргізушіге қатысты хаттама толтырды.
Әйгерім Ибатуллаева - Облыстық ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының м.а.
Полиция басқармасы кезекші пультіне жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыртуға жақын маңдағы "Тұлпар-18" патрулдік полиция ротасының экипажы барды. "ВАЗ -2114" автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 610 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.