ШҰҒЫЛ! Ақтауда 200 ге жуық үлескер 2 жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүр Толығырақ

Жол апатынан бес адам көз жұмды

18:57, 16 қыркүйек 2021

Кеше жол апатынан 5 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Жетібай тас жолында орын алған. Жол -көлік оқиғасы Lexus LX 470 автокөлігінің аударылуы салдарынан болған. Рөлде болған 27 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмған. Сондай-ақ, 1966 жылы туған әйел адам, 31 жастағы жүкті әйел, 1964 жылғы және 1967 жылғы ер азамат қайтыс болды. Көлікте болған 4 бала аман қалған. Үш бала Қарақия аудандық ауруханасына жеткізілсе, 2013 жылғы бір бала облыстық балалар ауруханасында. Қазір балалар дәрігерлердің бақылауында. Олардың айтуынша, екі баланың жағдайы ауыр, үшіншісі баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Қазір балаларды облыстық ауруханаға санитарлық авиациямен жеткізу күтілуде.

Нұрбол Оқуов - облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы

2013 жылы туған бала түнде, облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Геморрагиялық мидың контузиясы, ІІ дәрежелі церебральды кома, ІІ дәрежелі травматикалық шок диагнозы қойылған. Сондай-ақ, ол  желдеткіш аппаратына қосылған.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
18:32, 15 қазан 2021
Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
Толығырақ...