ШҰҒЫЛ! Семіз айтып, арық шықты Толығырақ

Жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

19:45, 23 ақпан 2021

Ақтауда "Mitsubishi Montero" маркалы жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға 4 шағын ауданда орын алған. Анықталғандай, жаяу жүргінші жолды тыйым салынған жерден кесіп өткен. Зардап шеккен адам дереу облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал көлік иесіне хаттама толтырылды.

Айғаным Рахметова - МО ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының м.а

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында сағат 21:10 шамасында Ақтау қалалық Полиция басқармасының кезекші пультіне жол-көлік оқиғасы болды деген қоңырау түсті. Көлік құралының жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталды. Көлік айыптұраққа жабылды.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
20:54, 19 ақпан 2021
Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
Толығырақ...