ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Жүйкені жұқартқан жүк көліктері

21:08, 10 маусым 2021

Шетпедегі “Ащыбұлақ” елді-мекенінде орналасқан көлік гаражы тұрғындардың берекетін қашырып отыр. Осыған қатысты олар ауыл әкімдігіне бірнеше рет шағымданыпты. Бірақ нәтиже жоқ.

Толқын Маманова - тұрғын

Бала-шағамыздың еркін демалуына , форточка-тереземізді кешкі салқында аша алмаймыз. Таңғы 5-тен бастап кувалдың дауысы, мына  үлкен техникалардың  таңғы 4 тен бастап кріп-шығып жатырған түнгі 3-ке дейін мысалы. Бізге кәдімгідей дұрыс кедергі келтіріп отыр.

Сисенғали Жалетов - тұрғын

Мына екінші үйде тұрам. Мынадай енді құрылды. Ол енді заңды шығар. Бәрі де заңсыз болмайды ғой. Заңдыф болатын болса, негі сол цемент зауыт қа шығатын техникалар. Рабочийге де кінә артып отқан жоқпын мен. Ол рабочий жұмысы болған соң, істейді ғой. айлық табу керек. Неге цемент зауыт жаққа, далалық қой сол жаққа көшіріп қоймайды.

Иә, жүк көліктерінің гүрсілі мен тарс-тұрс дыбыстары ауыл тұрғындарына ыңғайсыздық тудырып отыр. "Тереземізді ашып, таза ауа жұта алмайтын болдық" дейді олар. Оған қоса, жүргізушілер өртейтін қоқыстың  иісі қолқаны жарады екен. Біз келгенде, тұрғындар түсіріп жолдаған видеодағы көріністі көре аламадық.  Өйткені, кәсіпкер бір күнде гараж маңын тып-типыл қылып  жинап, жерді тегістеп тастапты.

Гүлжан Түркменбаева - тұрғын

Күнде мына жерден өтем  жұмыстан келгенде, мынаның бәрі ашық жатады. Мына келіншектер айтып тұр ғой. Бәленбай машина тұрған із мынаның бірі. Бәріміздің де айтатын сөзіміз осы. Әкімшілік бар, осы аудандық жер бөлімінің несі бар. Бәрі қолға алып, шешілсін мына мәселе!!!

Біз кәсіпкердің де айтар уәжін тыңдағымыз келіп еді. Бірақ ол келіп түсініктеме бермеді. Орнына қызметкері келіп, әкімдік жер мәселесін шешіп берсе,  кез-келген кезде көшуге әзір екендіктерін жеткізді.

Батыржан Жаңабаев - мекеме қызметкері

Ешқандай заңсыз ештеңе алып жатқан жоқпыз. Өзімізге тиесілі жер 1998 жылдан бері қарай. Жердің мәселесін шешуге тырысып жатырмыз.  Бізге жер бөлінген жағдайда көшуге дайынбыз ауылдың ішінен. Келтірілген қиындықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бастапқыда кәсіпкерге тиесілі жер, тұрғын үйлерден алшақта орналасқан. Бірақ бұл маңнан республикалық жол өтетін болған соң, кәсіпкерлік нысан көшеге қарай ығыстырылған. Сондықтан, кәсіпкерді де кінәлауға болмайды. Ал әкімдіктегілер бұл мәселеден хабардар. Тіпті, ортақ мәмілеге келісуге тырысып көрген.

Асқар Аққұлов - Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары

Тұрғындардың наразылығын білеміз. Жеке кәсіпкермен келіссөздер жүргізілді.  Осы аумақты басқа аумаққа ауыстырып, осы жерге осы кәсіпкердің демеушілігімен балалар ойын алаңын салып беруге келісім бар. Осы бағытта жеке кәсіпкер осы Шетпенің осы "Ащыбұлақ" шағын ауданынан тұрғын үй массиві бар, бас жоспардағы белгіленген жерден жер сұрауына байланысты қазіргі таңда мәселе кідіріп тұр. Енді біз кәсіпкермен келіссөздер жүргізіп, "Каспий Цемент"өндірістік базасы бағытында біз жер беруге дайынбыз.

Иә, әкімдіктегілер жер беруге дайын. Бірақ кәсіпкер олардың ұсынысын қабыл ала ма, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз. Себебі, олар ұсынған аумақта инфраструктура жүргізілмеген. Сондықтан, Ащыбұлақтың тұрғындары екі тарап бір келісімге келгенше амалдай тұрғаннан басқа бұл мәселенің әзірге  шешімі жоқ секілді.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...