ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Жұмысшылар талабы орындала ма?

20:15, 22 шілде 2021

Жаңаөзенде жұмысшылар ереуілі жалғасуда. Аптап ыстыққа қарамай мекеме алдына жиналған олар талабымыз орындалмаса, соңына дейін тұруға бармыз дейді. Қарабайыр халықты бас көтеруге итермелеген не жағдай? Бұл жайтқа қала басшылары қандай жауап қатты?

Бұл - «НБКС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы. «Өзенмұнайгаз» Акционерлік қоғамына қызмет көрсететін мекемеде 500-ден аса жұмысшы бар дейді жиналғандар. Олар еден жуушы, темір және ағаш ұстасы секілді қызметтерді атқаратын қарапайым адамдар. Жұмыстың ауырын істеп, ірі мұнай компаниясына еңбек етсе де өз басшылықтары жағдайларын жасамай отырғанына ашынады. 90 мың теңге көлеміндегі айлық жалақыларына жұмыс уақытында жейтін тамағы мен сүтінің және денсаулыққа зиянды орында қызмет еткен қаражаты кіреді екен. Жеме-жемге келгенде таза еңбегінің өлшемі50-60 мың теңгеге тіреледі. Мұндай нәпақаға қай жыртығымызды жамаймыз деп қайғырғандар ойларын ашық айтты.

Ринат Қарақов - «NBKS» ЖШС қызметкері

«Мұндағылардың көбі аутсорсингпен кірген. Біз давно мұнай мекемесінде жұмыс жасауымыз керек. Жоқ бізге ешкім қарап жатқан жоқ. Тендер ойнайды, оны басқа біреу ұтып алады, ақшаны қияды. Жұмысты қиындатады. Тексеріс көп, бір сөз айтсаң қудалайды, милиция жібереді. Өмір сүру қиын болып кетті. Қымбатшылық. Бәрі қымбат. 80-90 мың теңге: жартысы кредитке кетеді. Бұнда үй жалдайтын жалғызбасты келіншектер көп. Жанайқайымыз болғасын шықтық. Біз де ерігіп жүрген жоқпыз. Амалсыздан шықтық. Талабымыз - жалақыны 100 пайыз көтерсін, совмещение полный төленсін, праздничный, отпускной көбейтсін. 30 мың тг береді»

Назым Бекайдарова - «NBKS» ЖШС қызметкері

«Жалақымыз ештеңеге жетпейді. Оның ішінде обедіміз, сүтіміз, за вредность - бәрін қосқанда 80 мың. Бәрі соның ішінде қайсысына жеткіземіз? Менің жолдасым - инвалид. Шырылдап Рахат3 шағын ауданынан келем. Өзім үшін істеймін. Бірақ мына халықтың бәрі мен сияқты жылап жүрген біреу. Жуатын жеріміз лас. 1,5 жыл коронавирус басталғалы хлормен жуып денсаулығымызға зиян келтіріп жатырмыз. Оны ешкім ескеріп жатқан жоқ. Бәрі қымбат айлық ештеңеге жетпейді. Мында келіп жұмысты тоқтатсақ орнымызға адам алыпты, ол не масқара бастығымыздың істеп отырғаны»

Карантиндік жүйе енгізілгендіктен, жүздеген адамның бір жерде шоғырлануы - ережеге бағынбағандық дейді жергілікті атқарушы орган өкілдері. Айтуларынша, мұндай бас көтерулер заңға қайшы. Себебі жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы кез келген мәселе ереуіл арқылы емес, заң аясында өзара келісіммен шешілуі тиіс. Немесе сот үкіміне жүгінуге болады деп отыр.

Нұрберген Худибаев - Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары

«Бұл мәселе жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы дау. Оған жауапты өкілетті орған бар. Ол - еңбек инспекциясы. Біз құқықтық мемлекетте тұрамыз. Барлығының құқықтары мен міндеттері бар. Сол сақталу керек. Заң шеңберінде шешіледі. Ең жоғарғы шешім - соттың шешімі. Тұрған азаматтарды жұмысқа шақырам. Жұмысқа шығу керек. Өйткені құқықтық актта көрсетілген олардың міндеттері осы»

Мұхтар Жақияев - МО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бас маманы

«Жұмыскерлердің жұмыс беруші алдындағы орындамаған  міндеттерне байланысты жұмыс берушінің құқықтары бар екенін де ескертіп айта кету керек. Жұммысшы Міндеттерін орындамаған жағдайда сот органына жүгінуге құқылы. Егер сот ереуілді заңсыз деп таныса, жұмыскерлерді еңбек кодексінің баптарына сәйкес жұмыстан шығаруға құқығы бар екенін еске саламыз»

Еңбекақы өсімін талап еткен мекеме ұжымдарының барлығына  түсіндіру жұмыстары жүргізілген.  Бірқатары оң шешімін тауып, қызметкерлер қайта жұмысқа кірісіпті. Қазіргі даулардың да еңбек кодексіне сәйкес түйіні табылып, нүктесі қойылады деп күтілуде.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...