ШҰҒЫЛ! 17 кәсіпорынға айыппұл салынды Толығырақ

Жүзім жамылған аула

19:02, 4 маусым 2021

Жүзім жамылған аула. Жаңаөзендік бағбан Нұрлыбек Жариев ауласында шабдал мен шие, алма мен алмұрттың бірнеше түрі өсіп тұр. Тіпті, анар мен киви сияқты жемістерді де жергілікті топыраққа жерсіндерген жаңаөзендік бағдан туралы келесі бейнематериалда.

Ол 2000 жылы «Арай» шағын ауданынан үй салады. Сөйтіп, аулаға жеміс ағаштарын отырғызуды жоспарлайды. Қоқыс пен құрылыс қалдықтары қатталып жатқан жерді толықтай тазалап, құнарлы топырақпен табиғи тыңайтқыш төгеді. Екі, үш жылда жаңа қалыпқа келген жерге жеміс ағаштарын отырғыза бастайды. Әсіресе жүзім өсіруге ден қояды. Себебі, Маңғыстау топырағына жақсы жетілетін өсімдіктің бірі осы екен.

Нұрлыбек Жариев - бағбан

Бағбанның айтуынша жүзімнің бойын бір жарым метрден асырмау керек екен. Сонда жапырағы аз болып, жемісі мол болады дейді. Бірақ, мұндағы күннің көзінің қуаттылығынан көбіне көлеңке ретінде бойын өсіреді. Соның әсерінен жемісті де жоғарғы бөлігіне салады. Ал, күздің қазан және қараша айларында жүзімді көміп тастайды. Әйтпесе, суық ұрып, келесі жылы өнім бермеуі де мүмкін екен. Мұны биылғы жылғы қыста ашық қалған жүзімдер дәлелдеген.

Нұрлыбек Жариев - бағбан

Нұрлыбек Жариев бұл өнерді әкесінен үйренген. Әкесі химия - биология пәні мұғалімі болған. Сондықтан өсімдік өсіру әдістерін меңгерген екен. Білгенін балаларының да бойына дарытқан. Бағбан Ташкент формацевтика институтында білім алғанда дәрілік заттар мен қатар дәрілік өсімдіктермен де танысқан. Мұның бәрінің бағбаншылық кәсібімен айналысқанда көмегі тиген.

Тақырып бойынша материалдар

Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
19:48, 17 қыркүйек 2021
Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
Толығырақ...
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
19:48, 17 қыркүйек 2021
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
17:47, 13 қыркүйек 2021
Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
Толығырақ...