ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Жылда өңірге 3,5 млрд. доллар инвестиция тартылды

20:58, 15 қыркүйек 2021

Соңғы 5 жылда өңірге 3,5 млрд. доллар шетелдік инвестиция тартылды. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың «Шелл» компаниясының Қазақстандағы делегациясымен кездесуінде айтылды. Жиында облыс әкімі Маңғыстау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жаңғыруына елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Ал аталған мекеменің Вице-президенті Херман Бурмейстер аймақ басшысына тараптар арасында ынтымақтастықты одан әрі арттыруға дайын екендігін жеткізді. Айта кетейік, бүгінде облыста Хайдельберг Цемент, Шлюмберже, Тоталь, Халлибертон, Тенарис сияқты ірі шетелдік трансұлттық компаниялар өз қызметін табысты жүзеге асырып жатыр. Инвесторлар мұнай өңдеу, мұнай сервисі, көлік логистикасы, агроөнеркәсіптік кешен, туризм салаларын дамытуға қызығушылық білдіріп отыр.

Херман Бурмейстер -  "Шелл" компаниясының вице-президенті

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...