
Қазақстанның батыс өңірінде әз Наурыз Амал мерекесімен басталды. Жұртшылық бұл күнді асыға күтеді. Амал мерекесі көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын, жұртшылытың қыстан аман -есен шыққанын білдіреді. Мереке күні тұрғындар Жаңаөзен қаласының 50 жылдығының ашылуын да кең көлемде атап өтті.