Телеарна туралы
«Маңғыстау» телеарнасы
Телеарнаның іргесі 1970 жылы шілде айында қаланған. Ең алғашқыда ол Гурьев облысы бойынша Шевченко телевизиялық студиясы деп аталды. 15 тамызда Шевченко телестудиясының алғашқы бағдарламасы көрерменге жол тартты. Мекеме 2003 жылдан бері «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы деп аталады. Телеарна облыс аумағын 100 % қамтиды. «Отау ТВ» арқылы республика және жақын шет елдерге тарайды.Тәулігіне 14 сағат хабар тарататын арнаның күнделікті 2 сағат эфир уақыты Жаңаөзен өкілдігіне арналған.
«Маңғыстау» арнасы облыстық телеарналар арасында 16х9 форматында хабар таратуға көшті және алғашқы болып өз сайтын ашты. Бүгінде сайт қаралымының айлық көрсеткіші 150 мың Облыстық телеарнаның эфирге берілетін хабарлардың 87 %-ы арнаның өз өнімі. Жалпы бағдарлама саны - 25. Эфирлік саясатта көрерменмен байланысқа (интерактивтілікке) шығу, эфир динамикасы және ақпараттық әралуандылыққа басты назар аударылуда. Көрерменмен өзара байланыс болуы үшін тікелей эфирдегі хабарларға мән берілуде. Бүгінде тәуліктік эфирдің 340 минуты (жалпы эфирдің 40%) тікелей эфирде өтеді.
Әлеуметтік желілерге тек эфирден өткен материалдар салынып отырады деген қасаң түсінік толық өзгертілді. Арнайы 2 редактор бекітіліп, олар әлеуметтік желі үшін эксклюзивті материалдар дайындауды қолға алды. Нәтиежесінде Маңғыстау ТВ аккаунттары облыс жұртшылығы ең жиі қарайтын парақшаға айналды. Instagram парақшасында бір айдағы қаралым саны 40 млн жетті. Жазылушылар саны 187 мыңнан асты. Фейсбук парақша жазылушылар саны 50 мыңға жетсе, Тик ток аккаунт жазылушылары 44 мыңға өсті. Ал Ютуб аккаунт жазылушылар саны 82 мың.