Мемлекеттік қызметші- аппараттың көзі, құлағы һәм қолы. Олар ел Президенті міндеттеген мақсаттарды іске асырушылар. Өңірде аталған құрылымда 3000-ға жуық адам еңбек етеді. Барлығының мақсаты - мемлекет мүддесін биік қойып, елге адал қызмет ету. Мерекелік жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев аймақ басшысының атынан мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.
Абзал Меңдібаев - облыс әкімінің бірінші орынбасары
Мемлекеттік қызмет - халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру жолындағы жауапты қызмет. Өз еліңе қызмет ету - түсіне білгенге зор бақыт, мерейлі мәртебе. Болашағын осы саламен байланыстырған әрбір азамат өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп, адалдық, әдептілік, қарапайымдылық қағидаттарын берік ұстанып, халықтың сеніміне ие болуы тиіс
Мереке күні алғаш рет мемлекеттік қызметші атанған жастар салтанатты түрде ант қабылдады. Абыройлы міндеттің жауапкершілігін сезініп, мемлекеттік қызметтің табалдырығын аттаған мамандар Отанға адал болып, кәсіби қызмет көрсетуге серт берді.
Мұхтар Сансызбаев - облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бас маманы
бүгін алғашқы рет мемлекеттік қызметке орналастым және ресми түрде ант қабылдады. Болашақта еліміздің дамуына барлық күшімді салуға кірістік. Барша мемлекеттік қызметшіні мерекемен құттықтаймын.
Бүгін жылдар бойы осы салада еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандарға "Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі табысталды. Мемлекеттік қызметте 30 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Ақтау қаласының қаржы бөлімінің басшысы Нұрлаш Ілиясов. Бүгін оған адал да, қалтқысыз қызметі үшін "Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі табысталды.
Нұрлаш Ілиясова - Ақтау қалалық қаржы бөлімінің басшысы
Мерекемізбен мемлекеттік қызметшілерді құттықтаймын. ЖАңадан мемлекеттік қызмете келіп жатқан қызметшілер бүгін міне ант беріп қызмете кіргендігін көрсетті. Сол қызметшілерге тілетінім адал болу , орнықты болу. Дұрыс жұмыс жасап, халыққа қызмет ету.
Салтанатты жиында мемлекеттік қызметте жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, лауазымдық міндетін мүлтіксіз орындаған, жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен жоғарғы көрсеткіштері үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер агенттік Төрағасының грамотасымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.