Әділбек Ниязымбетов - ел мақтанышы. Оған еліктеп мыңдаған бала боксқа бет бұрды, былғары қолғап киді. Түпқараған ауданы әкімі олимпиада қыраны Әділбек Ниязымбетовты алғыс хатпен марапаттап, мақтаныш сезімін білдірді.
Түпқараған ауданында алты елді мекен бар, екі спорт кешені халық қызметіне жарап тұр. Ауданда азулы спортшылардың қатары көбейіп келеді. Жақында жасөспірімдер арасында Нұрбек Орысбай бокстан Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды.
Әділбек Ниязымбетов - РИО олимпиадасының күміс жүлдегері
Нұрбек ініміз чемпион болып жатыр. Соған орай бізбен кездесу ұйымдастырып жатыр. Рахметімізді айтамыз. Чемпиондарымыз көбейе берсін. Бұл соңғысы болмасын!
Нұрбек Орысбай - бокстан Қазақстан Чемпионы
Мен Қазақстанның көк туын желбіреткім келді. Бұйыртса, Азия чемпионатында бағымды сынап көремін. Олимпиада чемпионы болам деп сөз беремін.
Әкімнің қабылдауынан соң, оқушылармен кездесті. Жастардың ерекше қошеметіне бөленді. Олар ойындағы сұрақтарына жауап алды. Батырға қарап бой түйзеуді мақсат тұтты.
Думан Дүйсенов - оқушы
Мен Әділбектен ең ауыр жекпе-жегіңіз қайсысы болды деп сұрадым, ол Лакруспен болғаны деп жауап берді. Мен жалпы, оның жанкүйерімін. Әр жекпе жегін қарап отырамын.
Шара соңында Әділбек Ниязымбетов 2201Б әскери бөлімінің сарбаздарына да арнайы барды. Теңіз жағалауындағы жауынгерлердің тұрмысымен танысып, "Қажымұқан" мұзжарғыш кемесінің жұмысын көрді.
Айсара Айтман - тілші
Жастармен және әскери сарбаздармен еркін форматта өткізілген кездесулер жылы лебіз бен жүрекжарды тілекке толы болды. Арға тартпай арман тұл, намыс қумай мақсат тұл. Елінің намысын қорғап жүрген жігіттерді елі осылай құрметтеді.