Шаһардағы Нұртас Оңдасынов атындағы №5 мектептің оқушылары Алматыда өткен халықаралық фестивальдан гран при жеңіп алды. Ақтаулық таланттар өнер бәйгесінде оза шауып, көптің ішінен үздік атанды. Балаларды мектеп мұғалімдері мен ата-аналары ыстық ықыласпен күтіп алды.