Мұнайлыда "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта, өңірге сапары барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова мектеп ұжымымен кездесу өткізді. Басқосуда, қатысушылар 2023-2024 оқу жылында іске асырылатын білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының үрдістерін қозғады.