Биылғы жарты жылдықта өңірге 180 мыңға жуық турист келген. Бұл аймақтағы туристік саланың қарқынды өсуінің дәлелі. Меймандар еліміздің әр өңірінен және Ресей, Иран, Жапония, Шығыс Еуропадан келген. Туризм саласында қызмет көрсету былтырмен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайып, 4,8 миллиард теңгеге жеткен.