Биыл облыстағы бірегей ет өндіруші “Korkem Alem” компаниясының құрылғанына 3 жыл.  Бұған қоса, ет комбинаты мен алғашқы фирмалық дүкеннің ашылғанына 1 жыл толды. Осыған орай Жаңаөзен қаласында салтанатты жиын өтті. Шарада кәсіпорын ұжымы мен серіктес мекеме өкілдері бас қосты.