Өңірдегі музыкалық драма театрда "Көке" спектаклінің премьерасы өтті. Сатиралық комедияның авторы - белгілі актер Сәбит Әбдіхалықов. Ал қоюшы режисері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мирғалиева. Жаңа қойылым көрерменді жемқорлыққа қарсы күресуге үндейді.