Ақтаудың 15 шағын ауданындағы теңіз жағалауынан бастап, 1-ші ықшам ауданына дейінгі аралыққа саябақ, спорт алаңдарын, павильондар мен  құрғақ субұрқақ, ашық қоғамдық бассейн мен пирс салу жоспарланған. Сонымен қатар Ақтауды айшықтайтын "Әуенді домбыра" монументі мен "Парус" кіреберіс стелласын орнату көзделген.