Шілде айының бірінші жексенбісі - Ұлттық домбыра күні. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ана мен бала орталығына барып, әйелдерді мерекемен құттықтады. Нәзік жандыларға домбыра табыс етіліп,ұлттық аспаптың  бала тәрбиесіндегі маңызы мен оны сақтау жолындағы ортақ іске үлес қосуға шақырды.