Бейнеу ауылындағы «Ғажайып» шығармашылық орталығы жақында жаңа ғимаратқа көшті. Өнер мектебі 2019 жылы ашылған болатын. Бастапқыда мұнда 40 бала тәлім алған. Ал бүгінде өнер ордасында 20 ұстаздан 400-ден астам оқушыға дейін тәлім алып жүр.
Шығармашылық орталықта домбыра, бейнелеу өнері, би, дәстүрлі ән, гитара және түймелі аккордеон үйірмелері жұмыс істейді.