Құрық ауылында орналасқан "Аксон мед" оңалту орталығы айына 200-ге жуық адамды қабылдайды. Оның 100-і СОБЕС, яғни облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жолдамасымен келгендер. Ал, 60-тан астамы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы ем қабылдайды. Қалған азаматтар ақылы түрде ем-дом алады. Орталықтың басты мақсаты - көпшілікке жоғары сапалы оңалту көмегін көрсету, мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсарту.