Ақтауда 11 жасар қыздың басына футбол қақпасы құлап, ауыр жарақат алды. Оқиға 2-шағын ауданның 71-үй жанындағы футбол алаңында болған. Жеткіншек дәрігерлердің арқасында аман қалған. Алайда бетінің тең жартысын тігуге тура келді. Зардап шеккен қыздың әжесі алаңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, темір қоршаулар әр жерде қалғанын айтады. Салдарынан немересінің басына бекітусіз тұрған қақпа құлаған.