"Ұлтын сүю - білімнен емес, мінезден". Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан айтқан осы бір тәмсілді өмірлік ұстанымы санайтын Ақтау қаласының тұрғыны кіреберісті ұлттық нақышта безендірді. Ол 28-ші А шағын ауданның 7-ші үйінің қабырғаларына қазақша ою-өрнек салып әсемдеген.