Қазір шегелеп бекітіп берген шекарамыз мығым, жауынгерлеріміз кез-келген тойтарысқа төтеп бере алатындай жағдайда. Соңғы кездері құрлықтағы да, теңіздегі де әскери қызметкерлеріміздің жетістігі молая түспесе, кемімеген. Мәселен, Тәуелсіздік жылдары еліміздің жауынгерлік теңіз флоты отандық үлгідегі су жаңа әскери кемелермен толықты. Судағы әскер қатарында жаңадан күштік құрылымдар пайда болды. Айта кетейік, Ақтаудағы әскери теңіз базасындағы су астында әрекет ететін сүңгуірлер ротасы барын екінің бірі білмейді. Арнайы мақсаттағы жасақ десантты-шабуылдау әскерлерімен бірлесе қимылдайды.