Облыс әкімінің орынбасары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Мейрам Бегентаев бастаған делегацияны қабылдады. Кездесуде өңірдің ғылыми-технологиялық дамуындағы жаңа бастамалар талқыланды. Университет өкілдері Маңғыстаудың табиғи ресурстарын тиімді игеруге бағытталған бірнеше жобаны ұсынды. Олардың қатарында гидрогеологиялық атлас әзірлеу, жер асты суларына зерттеу жүргізу, кен орындарын цифрлық басқару және кері осмос сүзгі элементтерін өндіру секілді маңызды бастамалар бар.