Түпқараған ауданындағы балықтардың жаппай қырылуының себеп-салдары анықталды. Жауапты орган олардың қырылуына күннің күрт ысып кетуі және судағы оттегі мөлшерінің азайып кетуі себеп дейді. Зерттеу жұмыстарын ҚР шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жауапты орган мамандарымен, экология департаментінің қызметкерлері жүргізген.